Матюхин Андрей Викторович,
саясаттану ғылымының докторы
Давыдова Юлия Александровна,
тарих ғылымының докторы



Интернет-курс
«History»
Тарих



Мазмұны

 

1 тақырып. ТАРИХ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ.. 4

1. Тарих ғылымының әдістемесі және теориясы.. 4

2. Дүниежүзілік тарихи үрдістегі Ресей. 8

Бақылау сұрақтары.. 10

 

1 тақырып. ТАРИХ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ

 

1.  Тарих ғылымының әдістемесі және теориясы.

2.  Дүниежүзілік тарихи үрдістегі Ресей.

 

1. Тарих ғылымының әдістемесі және теориясы

 

Қазіргі әлемде табиғат, техника, адам және қоғамдық өмір туралы білімді өндіретін және жүйелендіретін, екі мыңнан астам түрлі ғылым бар. Осы қатарда тарих ғылымы лайықты орын алады, оның да өзіндік заңдар, заңдылықтар, санаттар мен ұғымдар жүйесі бар.

Бірақ тарих – жай ғана ғылым емес, бұл адамзаттың әлеуметтік жадының формасы, оның негізгі міндеті адамзатпен жинақталған тәжірибені жалпыландыру және өңдеу болып табылады.

Сол уақытта тарих адамдардың сана-сезімінің маңызды үлгілерінің бірі, қоғамды өздігінен сәйкестендірудің негізгі тәсілдерінің бірі, адамдардың әлеуметтік кеңістікте «бағдарлану» құралы болып табылады. «Тарих – ғасырлар куәгері, ақиқат шырағы, естелік жаны, өмір тәлімгері», - деп жазған, ежелгі Рим философы Цицерон.

Тарих (грекше historia – өткен оқиғалар туралы әңгіме, білген, зерттелген туралы хабарлау) – ең ежелгі ғылымдардың бірі, оған шамамен 2500 жыл. Тарихтың негізін қалаушы «Тарих» атты алғашқы тарихи шығарма жазған, ежелгі грек тарихшысы Геродот (б.з.д. V ғ.) болып есептеледі. Ежелгі грек мифологиясында тарих шабыты – Клио болған. Ол фресканың біреуінде қолында папирус ашып ұстап тұр; оның жанында қолжазбалар бұрама қағазы салынған себет тұр. Клио адамның неге қол жеткізе алатындығы туралы еске салатын, өз тағайындалуын табуға көмектесетін.

Қазір оқып жатқан түрдегі тарих пәні бірден анықталған жоқ. Тарих ғылымының мазмұны кеңейіп, байыды, білім жинақтамасының өсу үрдісі жүрді. Қазіргі уақытта тарих адамзат қоғамының сан алуандығының дамуы туралы ғылым ретінде қаралады. Өз кезегінде, қоғам тарихы бүкіл адамзатты құрайтын, белгілі бір өзара байланыстағы жекелеген адамдар, адамзат қауымдастықтарының нақты және көп түрлі әрекеттері мен қимылдарының жиынтығын құрайды. Осыдан, тарихты зерттеу мәні адамдардың қызметі мен іс-әрекеті, яғни қоғамдағы қатынастардың бүкіл жиынтығы болып табылады. В.О. Ключевский тарих болмысы туралы былай деп жазған: «Жеке ғылым, ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде тарих мазмұны тарихи үрдіс, яғни адамзаттың қоғамдық тұрмысының жағдайлары мен табыстары немесе оның дамуындағы және нәтижелеріндегі адамзат өмірі болып табылады».

Өз еліңнің тарихын қандай мақсатпен оқу керек? Бұл сұраққа тарихтың әлеуметтік функцияларын анықтай отырып, жауап бере аламыз.

Бірінші функция – танымдық, зияткерлік дамытушы, бұл Ресей мен оның халқының тарихи жолын зерттеу болып табылады, себебі тарихи түбірін біліп алмай, осы шақ үрдістерінің құрамдас бөліктерінің бүкіл күрделілігі мен қарама-қайшылығын түсіну мүмкін емес. Сөйтіп, орыс ойшылы Н.Г. Чернышевский, сан алуан ғылымды білмей білімді адам болуға болады, бірақ тарихты білмей білімді болу мүмкін емес деп есептеген.

Екінші функция – саяси. Ол болашақта қателік жібермеу мақсатында, қоғам дамуындағы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи факттарды талдау мүмкіндігін береді. Қоғамның қайта және қалай дамуын анықтау үшін, қайдан, қандай жағдайдан келгенін және өзінің тарихи жолын қалай өткендігін білу керек. Өткен, осы және келер шақ бірлігінде – адамдардың өз тарихына қызығушылық түбірі бар.

Үшінші функция – ғылыми дүниетанымның айтарлықтай дәрежеде қалыптасуын белгілейтін, дүниетанымдық. Дүниетаным (өмірге, қоғамға деген көзқарас, оның даму заңдары) объективті шынайылыққа сүйенсе, ғылыми болуы мүмкін. Қоғамдық дамудағы объективті шынайылық – бұл тарихи фактілер. Тарих, оның фактологиялық жағы қоғам туралы ғылым негізделетін іргетас болған және болып табылады. Тарихи сауатсыздықты қоғам туралы догмалар және жалған ғылымды жақтаушылар пайдаланады, себебі адамдар тарихи фактілерді білмей барлық идеологиялық құрылымдар мен болжамдарға сенуге мәжбүр.

Тарихтың тәрбиелік функциясы адамның жан-жақты тәрбиеленуіне себепші болады, оның азаматтық сапаларын қалыптастырады, қоғамдық адамгершілік және мәдени құндылықтарының жинақталуына көмектеседі.

Әлеуметтік жад функциясы тарих ғылымының өткен және осы шақ арасындағы байланыстырушы буын болып табылатынында. Тарихи білімдер рухани мәдениеттің қажетті элементін құрайды, онсыз қоғамның ілгерілемелі дамуы мүмкін емес.

Тарих әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың жалпы жүйесінде лайықты орын алады. Ол философия, мемлекет және құқық тарихы, этнография, мәдениеттану, экономика, саясаттану, әлеуметтану, саяси және құқық ілімдерінің тарихы және т.б. сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Бірақ қоғамдық өмірдің қандай да бір тарабын зерттейтін, осы ғылымдармен салыстырғанда, тарихтың танымдық мәні бүкіл тарихи үрдістегі қоғам өмірінің бүкіл жиынтығы болып табылады. Сондықтан әлеуметтік-гуманитарлық бейін мамандары айналысатын көптеген қазіргі заманғы проблемалар тек тарихи амал және тарихи талдау негізінде, қоғамдық дамудың аса жалпы беталыстарын анықтау мүмкіндігін беретін, тарихшылармен жүйелендірілген материалды пайдалану кезінде шешілуі мүмкін.

Тарихшы, әдетте, көп жылдар бұрын болған оқиғаларды зерттейді. Сондықтан тарихи ғылым әртүрлі тарихи дереккөздерге сүйенеді, олардың кешені кең әрі көп түрлі.

Тарихи дереккөз – бұл тікелей тарихи үрдісті көрсететін және адамзаттың өткенін зерттеу мүмкіндігін беретін, материалдық және рухани мәдениет ескерткіші.

Қазіргі уақытта тарихи дереккөздердің келесі топтары ерекшеленеді:

1)       заттай (еңбек құралы, тұрғын-үйлер, көмілген жерлер, ыдыс, әшекейлер және т.б.);

2)       жазбаша (жеке оқиғаларды көрсететін, бірегей (1497 ж. Судебник, 1581 ж. Өсиет жылдары туралы жарлық) және бұқаралық (халық санағы, статистикалық зерттеулер));

3)       ауызша (ұлы тарихи оқиғалар туралы ақпаратты құрайтын аңыз әңгімелер, мысалдар, аңыздар, өлеңдер);

4)       этнографиялық (дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар);

5)       фондық немесе дыбыстық (мемлекет басшыларының радио бойынша сөз сөйлеуі);

6)       фото - және киноқұжаттар.

 

Тарихи дереккөздер өткенде шынайы болған оқиғалар – тарихи фактілер туралы көрініс береді. Фактілерді жинау, саралау, жүйелендіру және жалпыландыру тарихи зерттеу мәні болып табылады. Анықталған фактілер негізінде тарихи тұжырымдар құрылады.

Әртүрлі тарихи кезеңдерде тарихи үрдіс барысын түсіндіретін түрлі теориялар болған. Осыған орай, әдістеме дегеніміз – қандай да бір үрдістің логикалық ұйымы екенін атап өткен жөн. Осы кең мағынада әдістеме саналы мақсатты қызметтің қажетті компоненті болып табылады.

Алынған тарихи білімдер ұзақ уақыт ішінде біртіндеп ғылымға айналдырылған, сондықтан тарихи ғылымның әртүрлі даму кезеңдері туралы айту құқылы. Көне заман кезі маңызды кезең болды. Ол б.з.д. V ғ. өмір сүрген және грек-парсы және Пелопеннес соғыстарына сипаттама берген, Геродот пен Фукидидтің алғашқы тарихи еңбектерінің пайда болуына байланысты.

Орта ғасыр кезеңінде тарихи ой дін ілімінің әсерінде болды.

Сәйкесінше, тарих әдістемесі де провиденциализм – құдайшыл мен шайтандықтың күрес нәтижесі сияқты барлық оқиғаларды (соның ішінде тарихи) түсіндірген, діни-идеалистік танымға негізделген, барлық оқиғалардың бастапқы себебі ретінде діни көрегендік еркін көретін.

Гуманизм дәуіріндегі (XIV–XVI ғғ.) тарих адам қызметінің нәтижесі ретінде түсіндіріле бастады. Тарихи үрдіс орталығына Құдай емес, адам қойылады.

XVII–XVIII ғғ. – Ағартушылық кезеңде – тарихи білімдер ғылымға айналады. Тарихи үрдіс жаратылыстану ғылыми ұстанымнан түсіндіріле бастады. Осы шақ уақыты үшін де өзекті, тарихтың жаңа кезеңі туындады: ол ежелгі, орта ғасырлық, жаңа болып бөлінді.

XIX ғ. қазіргі уақытта да өзекті болып табылатын, тарихты зерттеудің формациялық және өркениеттік амалдары туындады.

Формациялық амалдың негізін қалаушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс тарихтың материалистік ұғымын ұсынды, оның негізінде әлеуметтік-экономикалық формациялар туралы ілім жатыр. Олар адамзат өз дамуында бірқатар реттік дәрежеден – қоғамдық-экономикалық формациялар арқылы өтеді деп бекіткен. Қоғамдық-экономикалық формация өндірістің белгілі бір тәсілі (базисі) бар және оған сәйкес келетін саяси құрылымы (қондырмасы) бар қоғам дамуындағы саты ретінде қаралды. Маркс пен Энгельс бес формацияны ерекшеледі: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік (болашақ формациясы). Дәрежеден дәрежеге өту әлеуметтік төңкеріс арқылы жүзеге асырылады.

Өркениеттік амалдың негізін қалаушылар XIX ғ. орыс ойшылдары Н.Я. Данилевский мен К.Н. Леонтьев болып табылады, олардың мұрасын XX ғасырда батыс тарихшылары О. Шпенглер, Ю. Эвола, Р. Генон, А. Тойнби, С. Хантингтон белсенді дамытты. Өркениеттік амал өкілдері адамзат тарихын «мәдени-тарихи түр» және «өркениет» ұғымдар призмасы арқылы қарастырған. Әр өркениет өз дамуында бірегей, басқаларына өзінің мәдени ерекшеліктерімен ұқсамайды. Өркениеттер өзінің жаратылыс-тарихи жасына ие: олар туады, есейеді, гүлденеді, содан кейін ескіреді және өледі. Бір өркениеттің мәдени негіздері екіншісіне берілмейді. Осы бағыт тарихшыларының пікірі бойынша көне заман, қытайлық, үнді-буддалық, романо-германдық (батыс), араб-мұсылмандық, ресейлік және т.б. сияқты өркениеттер ерекшеленеді.

Қазіргі заманғы тарихшылардың көбі осы екі амалды қарама-қарсы қоймауға, керісінше өз зерттеулерінде қисынды үйлестіруге тырысады, бұл өнімді нәтижелер беруге қабілетті.

XX ғасырдың 30-ыншы жылдары Францияда «Анналдар мектептері» атауын алған тарихи ойдың жаңа бағыты пайда болды (М. Блок, Л. Февр және басқалары.). Осы ғылымдар есептегендей, тарих адамды бүкіл әлеуметтік жағынан тұтастай зерттеуге арналған (қоғамдық қатынастар, еңбек қызметі, сана формалары, ұжымдық сезімдер, ғұрыптар, фольклор).

Қазіргі уақытта тарихи үрдіс барысын түсіндіретін ең көп түрлі теорияларды кездестіруге болады. Презентизмді жақтаушылардың ойынша, тарих танымдық емес және әрбір ұрпақ заманауи саяси және идеологиялық шиеленістер көзқарасынан жаңадан қайта жазады. Тарихи үрдістің қозғалтқышы қандай да бір фактор болып табылады деп есептейтін, теориялар бұрынғыдай әйгілі: экономика (марксизм), рухани бастау (П.А. Сорокин), этностардың даму кезеңдері (Л.Н. Гумилев). Өз мағынасын және позитивизмді сақтайды. Оны өз әдістемесінің негізі ретінде алған тарихшылар барлық ықтимал тарихи фактілер мен факторларды анықтауға және тіркеуге тырысады (географиялық, экономикалық, әлеуметтік, этникалық, психологиялық және т.б.).

Бұған қарамастан, тарихи үрдісті түсіндіретін амалдардың бүгінгі таңдағы сан алуандығын екі бағытқа бөлуге болады: бірінші планға бүкіл адамзат үшін жалпы және бірыңғай заңдар мен қоғамның даму дәрежелері шығатын дәрежелі теория, ерте ме кеш пе ол арқылы барлық халықтар өтеді; және жергілікті өркениет теориялары – мұнда елдер мен халықтардың дамуындағы даралыққа, тарихи үрдістің көп түрлілігіне, тарихи қозғалыс пен нақты халық және өркениеттің мәдени көрінісіндегі қайталанбаушылық пен бірегейлікке назар аударылады.

 

2. Дүниежүзілік тарихи үрдістегі Ресей

 

Ресей тарихы – бұл әлем тарихының бір бөлігі. Дүниежүзілік тарихи үрдістегі Ресейдің орны қандай? Оны өркениеттің қай түріне жатқызуға болады? Бұл пікірталас ресейлік қоғамда XIX ғасырдың 30–40-шы жылдарында батысшылдар (Т.Н. Грановский, К.Д. Кавелин, Б.Н. Чичерин және басқалары) мен славянофилдер еңбектерінде басталды (А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, К.С. Аксаков және басқалары).

Батысшылдар атап өткендей, Ресей – Еуропаның бір бөлігі және батыс үлгісі бойынша дамиды. Ресей Еуропадан бірқатар артта қалған болса да және өз ерекшеліктерімен, біртіндеп бір формациядан басқасына өткен деп есептеген, формациялық теорияның жақтаушылары да осы көзқарасты ұстанған. XX ғ. басына қарай осы артта қалу жалпы еңсерілді және Ресей басқа елдермен қатар капитализмнің жоғары дәрежесіне– империализмге енді. Содан кейін жоғарғы коммунистік формацияның бірінші дәрежесі – социализмді құра бастаған, өзге еуропалық елдерден озып кетті. Алайда бұл тұжырым мына сұрақтарға айқын жауап бермейді: неліктен дәл осы Ресей, Еуропаның ең озық елі болмағанымен, сапалы жаңа даму айналымына бірінші болып енді және неліктен Батыстың дамыған елдері де артынан ермеді?

Батысшылдар теориясының бір түрі Ресейді батыс типті өркениетке жатқызатын, бірақ дәл осы социализмді құру талпынысы табиғи дамуын бұзды, шығыс қоғамдарына аса тән, тоталитаризмнің орнауына әкелді деп есептейтін қазіргі заманғы зерттеушілердің көзқарастары болып табылады. КСРО-ның құлдырауымен Ресей аса қолайлы даму түрі болып табылатын, батыс үлгіге қайта оралады.

Ресейді шығыс типті қоғамдарға жатқызуды ұсынатын теориялар батысшылдықтың қарама-қайшылығы болып табылады. Ресейдің тек қатал билеушілер (Петр I, Сталин) дәуірінде ғана аса өнімді дамығаны туралы үлгілер дәлелдер ретінде келтіріледі. Сол уақытта батыс үлгіні көшірудің барлық талпыныстары сәтсіздікпен аяқталды (Киевтік Русьтің батыс жерлерінің католицизмі, Лжедмитрий қызметі, Александр II реформалары, Уақытша үкімет жоспарлары, Горбачевтің «қайта құрылысы»). Тоталитаризм дәуірі – қатал билеушімен басқарылатын, шығыс деспотияның үлгілі нұсқасы. Ресейді дамытудың циклдығы (реформалар кезеңі өзгеріссіз контрреформалармен алмастырылды) дәстүрлік пен ұжымдық сияқты, шығыс өркениетіне тән. Алайда Ресей өркениетін шығыс өркениеттен ерекшелейтін, бірқатар сәттер бар. Мемлекетіміздің халқының көбін құрайтын, орыс халқының менталитеті негізінде христиандық құндылықтар жатыр, бұл батыс елдердің халықтарына тән. Жеке меншік, кәсіпкерлік, нарық, таптық стратификация, көп партиялық, парламентаризм элементтері және т.б. сияқты Ресейдің төңкеріске дейінгі элементтері шығыс үлгіге жатқызылмайды.

XIX ғ. славянофилдер мен консерваторлар атап өткендей, Ресейдің өз ерекше даму жолы бар. Осы идеялары XX ғ. басында еуразияшылдық тұжырымда өз жалғасын тапты. Олар қазіргі уақытта да белсенді талқыланады. Еуразияшылдықтар (П.Н. Савицкий, Н.Н. Алексеев, Н.С. Трубецкой) бекіткендей, Ресей – Еуропа да, Азия да емес, бұл – Еуразия. Ресей бастапқыда еуразияшылдықтар ұлтын біріктірген, көп ұлттық мемлекет ретінде қалыптасты. Ресей – бұл өзіндік және толыққанды өркениет, оның ерекшелігі орасан зор аумағының болуы әрі теңіз жолдарынан қашық болуы. Осы кеңістіктің «зорлығы» биліктің авторитарлық үлгісіне сүйенуге мәжбүрлейді. Ерекше орыс ділдігі де– мемлекетке, ұжымға байлаулы болуы да осыдан. Бірігуіне себепші болған, орыс қоғамының идеялық-діни негізі православие болып табылады. Еуразияшылдықтар Шығыстың (түрік-татар факторы) Ресей тарихына айтарлықтай әсерін атап өтті. Олар 1917 ж. оқиғаларын еуропалық мәдениет дағдарысы мен Азияның жандануы ретінде қарастырды, ал еуразияшылдықтар Ресейді әлем құтқарушысы деп – бұл оның ерекше тарихи міндеті деп есептеді.

Заманауи еуразияшылдықтар Ресей батыс үлгісін көшірмей, Еуропа пен АҚШ-тан - өзінің тарихи бәсекелестерінен одақтастарды іздемей, өзінің меншік жолымен дамуды жалғастыру керек деген көзқарасты ұстанады. Ресейдің болашағы Азиямен бірігуде, Шығыс өркениеті арасында одақтастар мен серіктестерді іздеуде болып табылады (мұсылмандар әлемі, Қытай, Үндістан).

Еуразиялық теорияны бағалай отырып, Ресейді таза түрде не батыс, не шығыс үлгіге жатқызу мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Осы идеялар өзінің патриоттығымен де айбындырады. Алайда еуразияшылдықтардың өркениетіміздің толыққандығы туралы бірқатар ережелері бірқатар сұрақтарды туындатады, ғаламдандырудың жаңа жағдайларына әсіресе қолданбалы. «Бірыңғай еуразиялық ұлт» ұғымы да шартты. «Ұлт» ұғымындағы айқындауыш мемлекеттік ғана емес, сондай-ақ бірыңғай мәдени дәстүр, ұлттық діл, тілдік ортақтық болып табылады, бұл еуразиялық ұлтқа қолданыла бермейді. Сондықтан осы және кез-келген басқа теорияны абсолюттеуге болмайды.

Барлық белгіленген көзқарастарды қарастырып, біз келесі қорытындыларды жасай аламыз:

1.  Ресей – әлемдік өркениеттің бір бөлігі.

2.  Ресей Батыс пен Шығыс ерекшеліктерін біріктіреді. Ресей өзінің бірегей географиялық қалыбының арқасында әртүрлі тарихи кезеңдерде біресе бір, біресе екінші өркениеттік орталық әсерге шалдықты.

3.  Ресей – әртүрлі этникалық топтар халқы, конфессиялар біріккен көп ұлттық мемлекет (христиандық, мұсылмандық, буддизм және т.б.), мәдени көп түрлілік те бар.

4.  Ресей өз тарихының өзгерісті кезеңдерінде (соғыстар, төңкерістер, реформалар) біресе батыс даму түріне, біресе Шығыс жаққа «жылжи» отырып, «маятник әсеріне» шалдықты. Ресей өркениеттік дамудың әртүрлі нұсқаларын кезеңмен қарастыра және таңдай отырып, батыс және шығыс дәстүрлерін біріктіріп, қайта өңдеді.

 

Негізгі қорытындылар

 

1.  Тарихи дереккөздер өткен шақта шынайы болған оқиғалар – тарихи фактілер туралы көрініс береді. Фактілердің жинау, саралау, жүйелендіру және жалпылау тарихи зерттеу мәні болып табылады. Анықталған фактілер негізінде тарихи тұжырымдар құрылады.

2.  Қазіргі заманғы тарихшылардың көбі осы екі амалды қарама-қарсы қоймауға, керісінше өз зерттеулерінде қисынды үйлестіруге тырысады, бұл өнімді нәтижелер беруге қабілетті.

3.  Тарихи үрдістің сан алуан түсініктемесін екі бағытқа бөлуге болады: бірінші планға бүкіл адамзат үшін жалпы және бірыңғай заңдар және қоғамның даму дәрежелері шығатын дәрежелі теория, ерте ме кеш пе ол арқылы барлық халықтар өтеді; және жергілікті өркениет теориялары – мұнда елдер мен халықтардың дамуындағы даралыққа, тарихи үрдістің көп түрлілігіне, тарихи қозғалыс пен нақты халық және өркениеттің мәдени көрінісіндегі қайталанбаушылық пен бірегейлікке назар аударылады.

4.  Ресей – дүниежүзілік өркениеттің бір бөлігі. Ол Батыс пен Шығыс ерекшеліктерін біріктіреді. Ресей – әртүрлі этникалық топтар халқы, конфессиялар біріккен көп ұлттық мемлекет, мәдени көп түрлілік те бар.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.  Тарих ғылымының мәніне сипаттама беріңіз.

2.  Тарих ғылымының функцияларын атаңыз.

3.  Тарихи дереккөз дегеніміз не?

4.  Тарихи дереккөздердің қандай түрлерін білесіз?

5.  «Әдістеме» сөзін қалай түсінуге болады?

6.  Тарихты зерттеудің формациялық амалына сипаттама беріңіз.

7.  Тарихты зерттеудің өркениеттік амалына сипаттама беріңіз.

8.  Ресейді өркениеттің қандай түріне жатқызуға болады?